Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
ҚОЛӨНЕРШІ БАЛАЛАРЫМЫЗ ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
27
апрель
2023
ҚОЛӨНЕРШІ БАЛАЛАРЫМЫЗ ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
     Бүгін сондай-ақ ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында апталыққа атсалысып, қолөнерімен ерекшеленген талантты балаларымыз грамоталармен марапатталды. Оқушыларымыз қағаздан әртүрлі бұйымдар жасап, суреттер салып, оларды көрмеге қойып жатты. Нәтижесінде жоғары баға алған балаларымыз, атап айтар болсақ, Тулебай Айдана (6 «А») – 1-орын, Суюнбай Искандер (6 «А») – 2-орын, Қойгелді Мөлдір (6 «Ә») – 3-орындарға ие болып, арнайы грамоталармен марапатталды. «Жарайсыңдар!» дейміз.
7-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
26
апрель
2023
7-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
     Бүгін мектебіміздің 7-сыныптары арасында «Бұқаралық ақпарат» тақырыбы бойынша пікірталас ойыны ұйымдастырылды. Оқушылардың ой-өрісін дамытып, іздендіруді, сондай-ақ мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат ететін аталмыш іс-шараға арнайы қонақ ретінде Мистер Метью келіп,  сайысты жүргізіп отырды. Дебат бірі- жақтаушы, бірі- даттаушы болып екі топқа бөлініп, толықтай ағылшын тілінде жүргізілді.  Пікірсайыс барысында оқушылар тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетіп, өздерінің пікірлері мен
СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАҒА ОҚУШЫЛАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ.
25
апрель
2023
СЫНЫПТАН ТЫС ІС-ШАРАҒА ОҚУШЫЛАР БЕЛСЕНЕ ҚАТЫСТЫ.
      Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында 9-сыныптар арасында сыныптан тыс іс-шара ұйымдастырылды. «Ағылшынша сөйлесейік!» тақырыбында өткен іс-шараға оқушылар белсене қатысып, білімдерін ортаға салды. Жалпы біздің мектебіміздің балалары ағылшын тілі бойынша өтетін әртүрлі конкурстар мен байқауларда әрдайым үздік болып, жеңімпаздардың қатарынан көрініп келе жатады. Бұл дегеніміз, ағылшын тілін үйретудегі жұмыстар дұрыс қолға алынып, тиімді ұйымдастырылуымен бірге пән
6-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА КВЕСТ ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
24
апрель
2023
6-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА КВЕСТ ОЙЫНЫ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
    Бүгін Ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында кезекті іс-шаралар ұйымдастырылып, Квест ойындар өткізілді. Ағылшын тілі пәні мұғалімі Құрбанбай Балжан 6-сыныптар арасында ойын өткізіп, тілді меңгертудің тиімді әдіс-тәсілдерін қолданды. Нәтижесінде аталмыш шара сәтті өтіп, жоғары ұпай алып, белсенділігімен ерекшеленген сыныптар мен оқушылар дипломдармен марапатталды.   
«TRAINING AND QUALIFICATION»
19
апрель
2023
«TRAINING AND QUALIFICATION»
      Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында пән мұғалімі Айгерім Мекзамның 8 «В» сыныбына ашық сабағы өтіп, «Оқыту және біліктілік» тақырыбында сабақ жүргізді. Оқушыларды топ-топқа бөліп, интерактивті тақта, ЛД экранды пайдаланып, слайд-бейнефильмдерді көрсетіп, оқушылардың белсене қатысуын қадағалап отырды. Балалар да өз кезегінде сұрақтарға жауап беріп, берілген тапсырмаларды орындап, топпен орындаған жұмыстарын тақтаға шығып, ағылшын тілінде бірлесе қорғап, жоғары баға
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨТКЕН ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ.
19
апрель
2023
ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨТКЕН ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ.
     Кеше біздің мектебіміздің оқушылары Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі ұйымдастырған волейбол жарысына қатысып, жүлделі 2-ші және 3-ші орындарды жеңіп алды. Нақтырақ айтатын болсақ, 10-шы және 11-ші сынып оқушылары жүлделі екінші орынды жеңіп алса, 9-сынып оқушылары үшінші орынға ие болды. Сөйтіп біздің жоғары сынып оқушыларымыз осы бір спорт түрінен үздік екендіктерін көрсетіп, жеңімпаз атанып отыр. Осы ретте оқушыларды волейболға баулып, жарысқа дайындап жүрген
«MY DAILY ROUTINE»
19
апрель
2023
«MY DAILY ROUTINE»
      Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында іс-шаралар жалғасын тауып, жоспарға сай жүзеге асырылды. «Менің күнделікті істерім» («My daily routine») тақырыбында мұғалімдерге арналған кезекті сабақ өтіп, ағылшын тілін тереңірек меңгеруге мүмкіндіктер жасалды. Аталмыш сабақты пән мұғалімдері Құрбанбай Балжан мен Сейсенбек Ғазиза жүргізіп, қызықты әрі  пайдалы болуына ұйытқы болды. Қатысқан мұғалімдерге шет тіліндегі күнделікті қолданылатын сөздердің ерекшеліктері мен ережелерін
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН САБАҚ ӨТТІ.
18
апрель
2023
МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН САБАҚ ӨТТІ.
     Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында мұғалімдерге арналған сабақ өтті. «Ағылшын тілін үйренуді бастайық» деген тақырыпта өткен сабақты пән мұғалімдері Айгерім Мекзам мен Надырова Назым жүргізіп, мұғалімдерге ағылшын тілінің бастапқы сатысындағы ауызшы сөйлесуді үйретті. Топ-топқа бөлініп, сөздіктермен жұмыс істеп, мұғалімдер бір-бірімен ағылшынша сәлем беріп, танысып, жақсы тілектер айтып, көңілді бір ахуалда ұйымдастырылды. Ойындар да болып, бүгінгі туылған күн иесі
«ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
12
апрель
2023
«ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
    Бүгін Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Сауат Айманның 7 «Ә» сыныбына «Әлем халықтарының тағамдары» тақырыбында ашық сабағы өтті. Жас маман болса да идеяға бай, заманауи жаңашылдықтарды жақсы меңгере білген Айман Нұрқызының аталмыш сабағы онлайн түрінде өтсе де оқушылар тарапы белсене қатысып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын білдіріп отырды. Ұлттық тағамдар, әлем халықтарының тағамдары, олардың ерекшеліктері сияқты дүниелер тек балаларға
ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙІНЕ САЯХАТ
10
апрель
2023
ҚАСТЕЕВ МУЗЕЙІНЕ САЯХАТ
      Өткен сенбі күні эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында бірлестік мұғалімдері оқушылармен бірге Қастеев музейіне саяхаттап қайтты. Шет елдік және қазақстандық танымал суретшілердің туындыларын тамашалаған оқушылар нағыз бейнелеу өнерінің құдіреті мен сырына үңіліп, көп нәрсені аңғарып қайтты. Жалпы мұражайларды аралату, өнер орталықтарына апару балаларға оң әсер етіп, бойларында өнерге деген сүйіспеншіліктері мен қызығушылықтарын қалыптастыруға болады. Эстетикалық пәндер