18
ноябрь
2025
«Мектеп телевидениесі» жобасына қатысушыларды іріктеу кастингі өтті.
18 қараша күні №59 мектеп-гимназиясында оқушылардың шығармашылық қабілетін дамыту және медиасалаға қызығушылығын арттыру мақсатында «Мектеп телевидениесі» жобасына қатысушыларды іріктеу кастингі өтті.
Іріктеуге 9–11-сыныптан өтініш берген оқушылар қатысып, өздерін таныстырып, камера алдында сөйлеу дағдыларын, импровизация жасау қабілеттерін және жүргізушілікке қажетті жеке қасиеттерін көрсетті. Қатысушыларға арнайы тапсырмалар беріліп, олардың дикциясы, ойды анық жеткізуі, кадрдағы өзін-өзі ұстауы және шығармашылық белсенділігі бағаланды.
Кастинг нәтижесінде үздік деп танылған оқушылар «Мектеп телевидениесі» жобасының ресми жүргізушілері мен тілшілері құрамына енеді. Олар алдағы уақытта мектеп өміріндегі жаңалықтарды, іс-шараларды және оқушылар жетістіктерін жариялап, ақпараттық медиаконтент дайындауға қатысатын болады.
Жоба ұйымдастырушылары іріктеуге қатысқан барлық оқушыларға белсенділігі үшін алғыс білдіріп, жаңа медиаконтент жасау жұмысында сәттілік тілейді.