14
май
2022
Робототехника және бағдарламалық байқауы өтті.
«Алматы БалаFEST» фестивалі аясында Түрксіб ауданы №59 мектеп-гимназиясында оқушылар арасында ұйымдастырылған IT -Хакатон робототехника және бағдарламалық байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Негізінде соңғы уақытта робототехника оқушылар үшін қызықты және аса құлшыныспен айналысатын істерінің біріне айналған. Сонымен қатар білім беру саласы да осы робототехниканы дамытып, мектептерде кеңірек өріс алуын назарда ұстауда. Бүгінгі ұйымдастырылған робототехника және бағдарламалық байқауы осының бір дәлелі болса керек. Байқауға қатысқан оқушылар түрлі қолдан жасалған құрылғыларын ұсынып, неден жасалып, қалай жұмыс істейтінін түсіндіріп жатты. Және түрлі компьютерлік бағдарламаларын ұсынды. Нәтижесінде жеңіске жеткен оқушылар аудандық кезеңге жолдама алды.