Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » “Оқытудағы ойын элементтері және олардың функционалдық сауаттылықты арттырудағы әсері” атты қалалық квест-семинар өтті
21
апрель
2025

“Оқытудағы ойын элементтері және олардың функционалдық сауаттылықты арттырудағы әсері” атты қалалық квест-семинар өтті

2025 жылы 21 сәуір Алматы қаласы №59 мектеп-гимназиясында қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығының қолдауымен “Функционалдық сауттылық“ құзыреттілік орталығының жұмыс жоспарына сәйкес “Оқытудағы ойын элементтері және олардың функционалдық сауаттылықты арттырудағы әсері” атты қалалық квест-семинар өтті.

Квест-семинар мектеп-гимназия директоры А.Е.Торғанбековтің кіріспе сөзімен ашылып, биология (пәні мұғалімі педагог-шебер Ибраимова Б.Т-ның “XXI ғасыр дағдылары: дивергентті ойлау және функционалдық сауаттылық” атты баяндамасымен жалғасып, “Шебер ұстаздың құпия кілті” квест ойыны ойнатылды.

Семинардың 2-бөлімінде биология (Кемелхан Ғ.Ж), география (Арзикулова Г.А), физика (Хасен:З) және химия (Әлімжан Д.М.) пәндері бойынша ұйымдастырылған демо-сабақтарда мұғалімдер квест технологиясының сабақ барысында тимді қолданысын көрсетіп ,«Ойыннан ойға» Workshop бөлімінде қатысушы мұғалімдермен бірге ойын технологияларын сабақта тиімді қолдану бойынша практикалық тапсырмалар жасады.