28
март
2025
«Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін ұлттық құндылықтарға бағдарлай оқыту» тақырыбындағы республикалық тәжірибелік семинар өткізілді.
2025 жылдың 28 наурызында Алматы қаласы Білім басқармасының “Қалалық білім берудегі жаңа технологиялардың ғылыми-әдістемелік орталығы” мен «№59 мектеп-гимназия» КММ-сімен бірге мектеп-гимназия базасында: «Қазақ тілі» мен «Қазақ әдебиеті» пәндерін ұлттық құндылықтарға бағдарлай оқыту» тақырыбындағы республикалық тәжірибелік семинар өткізілді.
Ұлттық құндылықтарды сабақ мазмұнына кіріктіре отырып, білім алушылардың тұлғалық дамуына ықпал ету, ақыл-ой қабілеті мен тұлғалық қасиеттерін қалыптастырып, түрлі шығармашылығын шыңдайтын, тілдік-эстетикалық талғамдарын дамытатын үздік тәжірибелерді тарату, тәжірибе алмасу мақсатындағы семинарға қаламыздың 8 ауданынан қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімдері мен Республикамыздың бірнеше өңірлерінен тікелей эфир арқылы педагогтер қатысып, өз тәжірибелерімен бөлісті.