Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Авторлық бағдарламаларды сыныптан тыс жұмыста қолданудың тиімді тәжірибесі» атты қалалық вебинар
08
декабрь
2025

«Авторлық бағдарламаларды сыныптан тыс жұмыста қолданудың тиімді тәжірибесі» атты қалалық вебинар

2025 жылдың 8 желтоқсанында Алматы қаласы Білім басқармасының «№59 мектеп-гимназиясы» мұғалімдері (2026 жылы «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына аттестатталушы педагогтер) авторлық материалдар негізінде тәжірибені таратуы бойынша «Авторлық бағдарламаларды сыныптан тыс жұмыста қолданудың тиімді тәжірибесі» атты қалалық вебинарын өткізді. 
Вебинарға қаламыздың Алатау, Наурызбай, Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Түрксіб аудандарынан педагогтер қатысып тәжірибе алмасты. 
Вебинар барысында бағдарламаға сәйкес «ZOOM» платформасында 4 секциялық отырыстан тәжірибелік алаңдар құрылып баяндамалар жасалды.
                 Математика пәні секциясы бойынша: Айбасова Гулнар Ауезхановна: «Математикалық сауаттылық» - 11-сынып; Серботаева Инжу Майлыбаевна: «Қолданбалы математика» - 11-сынып; Куншыбаева Гулжаухар Тунгатаровна: «Математикалық сауаттылық» - 10,11-сыныптар
Тарих пәні секциясы бойынша:
Тарих пәні мұғалімі Сайлауова Гаукар Есенгелдикызы: «Қазақ хандарының Қазақ мемлекеттілігіне қосқан үлесі» - 6-сынып; Рақымбекова Нуршат Кахармановна: «Заңдар тарихы: Қазақ хандығынан Тәуелсіз Қазақстанға дейін» - 10-сынып
Ағылшын тілі пәні секциясы бойынша: Жанбосынова Лиза Тәңірбергенқызы: «Secrets of  Grammar» - 7-сынып; Надырова Назым Онгарбаевна: «Grammar for Debates and Discussions» - 10-сынып
Биология пәні секциясы бойынша: Кемелхан Ғазиза Жұбайханқызы: «Бөлме өсімдіктерін өсіру» - 7-сынып
тақырыптарында тәжірибелері таратылды.