Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Авторлық бағдарламаларды сыныптан тыс жұмыста қолданудың тиімді тәжірибесі» атты қалалық вебинар
27
март
2025

«Авторлық бағдарламаларды сыныптан тыс жұмыста қолданудың тиімді тәжірибесі» атты қалалық вебинар

2025 жылдың 27 наурызында Алматы қаласы Білім басқармасының «№59 мектеп-гимназиясы» мұғалімдері (2025 жылы «педагог-зерттеуші» біліктілік санатына аттестатталушы педагогтер) авторлық материалдар негізінде тәжірибені таратуы бойынша «Авторлық бағдарламаларды сыныптан тыс жұмыста қолданудың тиімді тәжірибесі» атты қалалық вебинарын өткізді. 

Вебинарға қаламыздың Алатау, Наурызбай, Әуезов, Алмалы, Медеу, Бостандық және Түрксіб аудандарынан педагогтер қатысып тәжірибе алмасты. 

Вебинар барысында бағдарламаға сәйкес «ZOOM» платформасында 3 секциялық отырыстан тәжірибелік алаңдар құрылып баяндамалар жасалды.

                 Бастауыш сыныптар секциясы бойынша:

Тлеуова Маншук Токановна: «Тіл дамыту және сөйлеу мәдениеті»

2-сынып;

Садвакасова Алия Куанышевна: «Қызықты математика»    4-сынып;

Азанбекова Галия Арипбековна: «Тіл дамыту және сөйлеу мәдениеті»

3,4-сыныптар;

Тастамбекова Майра Мураткановна: «Жұмбақтар сыры» 4-сынып.

Гуманитарлық пәндер секциясы бойынша:

Латипова Майрагуль Каримгажиновна: «Ахметтану» 5-сынып; 

Оспанова Гулжан Сабитовна: «Шешендік өнер – коммуникативтік құзыреттілік негізі» 9-сынып; 

Узакбаева Айгул Тлектесовна: «Гобелен тоқу техникасын үйрету» 

6-сынып.

Жаратылыстану-математикалық пәндер секциясы бойынша:

Хасен Зәру: «Физикадан STEM сабақтар»  8-сынып;

Куанышева Гульжан Мажитовна: «Есептер шығару практикумы»

10-11 сынып; 

Болшекбаева Куллязат Жакибаевна: «География әлемі» 10-11-сыныптар.

тақырыптарында тәжірибелері таратылды.

Вебинар бойынша видеосілтеме​​​