Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТЕСТ ЖҰМЫСТАРЫ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ҚОРҒАЛАТЫН БОЛДЫ.
19
май
2023

ТЕСТ ЖҰМЫСТАРЫ АВТОРЛЫҚ ҚҰҚЫҚПЕН ҚОРҒАЛАТЫН БОЛДЫ.

    Біздің мектебіміздің биология пәні мұғалімі, кәсіби педагог Ибраимова Бақыт Тасболатқызының пән бойынша жасаған тест сұрақтары авторлық құқық бойынша қорғалатын болды. Ол туралы жақында «Ұлттық зияткерлік меншік институтынан» авторлық құқықпен қорғалатын объектілерге құқықтардың мемлекеттік тізілімге мәліметтерді енгізу туралы №35935 номерлі куәлігі берілгендігі туралы белгілі болды. Үнемі ұстаздық қызметін ғылыми жұмыстармен ұштастыра отырып, еңбек етіп жүретін әріптесіміз көптеген кітаптар мен оқу құралдарының авторы болып табылады. Енді міне, оқу жылы соңындағы бұл жаңалық зор жетістік ретінде саналып, ұжымға үлкен қуаныш сыйлап отыр. Біз де өз тарапымыздан әріптесіміз Бақыт Тасболатқызын шын жүректен құттықтай отырып, ұстаздық, шығармашылық және ғылыми бағыттағы еңбектеріне толағай табыстар тілейміз.