ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.
19
май
2023

ҚАЛАЛЫҚ БАЙҚАУДА ЖҮЛДЕГЕР АТАНДЫ.

     Бүгін мектебіміздің директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апай «Алматы Дарыны» орталығы ұйымдастырған қалалық байқауға қатысып, жүлделі ІІІ орынға ие болды. Құтты болсын дейміз.  «Мектептегі өзін-өзі басқару құрылымының үздік моделі» тақырыбында өткен байқауға қаланың барлық ауданынан үміткерлер қатысып, өзара бақтарын сынасты. Біздің апайымыздың ұсынған жобасы нәтижесінде үздік болып шығып, әрі оны қорғаудағы шеберлігі қазылар алқасы тарапынан жоғары бағаға ие болып, ІІІ дәрежелі дипломмен марапатталды. Осылайша мектебіміздің абыройы көтеріліп,  әріптестеріміз биіктен көріне білді. Жалпы мектептегі тәрбие ісіне жауапты Кыпшакова Дариха апайымыз өз ісіне ұқыпты, ұйымдастырушылық қабілеті өте жоғары, мол тәжірибесі бар кәсіби маман. Мектептегі тәртіп мәселесін әрдайым қадағалап жүретін әріптесіміз  педагогика, тәрбие, мектептегі ұйымдастырушылық, заманауи білім сияқты тақырыптарында жазылған көптеген мақалалар мен ғылыми еңбектердің авторы. Өз тарапымыздан әріптесімізге осынау марапат құтты болсын дей отырып, ғылыми бағыттағы еңбектері педагогтардың кәдесіне жарай берсін деген тілек білдіреміз.