МЕКТЕПІШІЛІК ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕПІШІЛІК ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТТІ.
16
сентябрь
2022

МЕКТЕПІШІЛІК ПРЕЗИДЕНТ САЙЛАУЫ ӨТТІ.

Бүгін №59 мектеп-гимназияда оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымының Президентін сайлау іс-шарасы өтті. Биылғы мектеп Президенттігіне үміткер болып он екі оқушы тіркеліп, өздерінің жұмыс жоспары мен алға қойған мақсаттарын жариялап, үлкен белсенділік танытты. Президенттікке үміткер оқушыларды сайлауға мектеп оқушылары мен мұғалімдер қатысып, белсенді, ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, мектеп басщылығымен бірге оқу үдерісін ұйымдастырудағы мәселелерді шешуге қатыса алатын жауапты, тәртіпті кандидаттарына дауыс берді. Нәтижесінде мектебіміздің 10 «А» сынып оқушысы Молдабергенов Олжас басым дауысқа ие болып, мектеп Президенттілігіне сайланды. Құтты болсын дейміз!  Аталмыш іс-шараны ұйымдастырып, жоғары деңгейде өтуіне ұйытқы болған мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Кыпшакова Дариха апайға алғыс сезімімізді білдіреміз.