ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҮШ ОҚУШЫМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОРЫН АЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҮШ ОҚУШЫМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОРЫН АЛДЫ.
16
март
2023

ХИМИЯ ПӘНІ БОЙЫНША ҮШ ОҚУШЫМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯДА ОРЫН АЛДЫ.

     Химия пәні бойынша мектебіміздің тағы үш оқушысы – Сақан Н.Б., Касенова А.С., Құсайын А.Қ. Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетінің ұйымдастыруымен өткен «Химия ғылымдарының дамуының өзекті аспектілері» атты дәстүрлі ІХ – республикалық ғылыми-тәжірибелік конференциясында ІІІ орын алып, дипломмен марапатталды. Ал әріптесіміз, химия пәні мұғалімі Байтанова Меруерт Нұралбайқызы зерттеу жұмысының «Теориялық маңыздылығы» номинациясы бойынша арнайы сертификатқа ие болды. Жарайсыздар, дейміз. Бұл жетістіктер негізінде біздің мектебімізде ғылыми-жаратылыстану бағытындағы ізденістер үздіксіз жүргізіліп жатқандығын көрсетеді. Өз тарапымыздан әріптестерімізді және болашақ ғалым боламын деген шәкірттерімізді шын жүректен құттықтай отырып, мол табыстар тілейміз.