РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ.
03
октябрь
2022

РЕСПУБЛИКАЛЫҚ «ЗЕРДЕ» БАЙҚАУЫНЫҢ МЕКТЕПІШІЛІК КЕЗЕҢІ ӨТТІ.

       Бүгін мектебімізде 2-7 сынып оқушыларының республикалық «Зерде» ғылыми жобалар мен шығармашылық жұмыстары байқауының мектепішілік кезеңі өтті. Балалардың зерттеу қызметінің дағдыларын дамыту мен кіші және орта жастағы мектеп оқушыларының интеллектуалдық-шығармашылық әлеуетін ынталандыруды мақсат еткен  аталмыш байқауға әр сыныптан 20 оқушы қатысып, ғылыми жұмыстарын ортаға салды. Әділқазылар алқасы: №59 мектеп-гимназия директоры Касымова А.Т. (комиссия төрайымы), әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университетінің профессор міндетін атқарушы, филология ғылымдарының кандидаты Сарбасов Б.С. мен Қазақ ҰҚПУ – химия ғылымдарының кандидаты, химия кафедрасы бағдарлама көшбасшысы Мырзахметова Н.О., №59 мектеп-гимназияның география пәні мұғалімі, география ғылымдарының магистрі Арзикулова Г.А., №59 мектеп-гимназиясының ДБЖҒІЖО, гуманитарлық ғылымдар магистрі Торғанбеков А.Е. аталмыш байқауға төрелік етіп, бірнеше белгілері бойынша (шығармашылық, ғылыми ойлау, тақырыптың ашылуы, қолданылатын әдістердің тиімділігі...) бағалап отырды. Байқау нәтижесі бойынша Ахметова Хабира Берікболқызының 7 «Г» сыныбында оқитын шәкірттері Мырзакасимов Әділет пен Иманбекова Ақеркенің «Қазақ фольклорындағы жалмауыз кемпір бейнесі» тақырыбында жазылған командалық жұмысы 1-орынды жеңіп, үздік атанды. Қалған ғылыми жобаға қатысушылар 2, 3 орынға және «Жас ізденуші» номинациясына ие болды. Үздік жұмыстар келесі кезеңге жолдама алды.