СЫНШЫЛАР ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » СЫНШЫЛАР ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ.
20
декабрь
2022

СЫНШЫЛАР ЖҮЛДЕСІНЕ ИЕ БОЛДЫ.

      Осы аптада қазақ киносы мен театрының көрнекті өкілі, белгілі актриса, мектебіміздің белсенді ата-анасы, әрі әріптесіміз Серикова Лиза 2022 жылдың қорытындысы бойынша «Эпизодтық рольдегі жыл актрисасы» номинациясын жеңіп алып, сыншылар жүлдесіне ие болды. Бұл туралы Қазақстандағы театр сыншыларының бірлестігі ұйымдастырған салтанатты жиынында белгілі болды. Құтты болсын, дейміз. Ұлттық өнердің дамуына мол үлес қосып жүрген Лиза ханым ұрпақ тәрбиелеу ісінде де еңбек етіп, көптеген игі жұмыстарды атқарып келеді. Ұзақ жылдар бойы жастарды актерлік шеберлік пен театр өнеріне баптап, нағыз таланттардың шыңдап шығуына да ұйытқы болып жатқан жайы бар. Осы ретте мектебіміздің көптеген іс-шаралары мен игі жұмыстарының ортасынан табылып, әрдайым мектебімізге жанашыр болып жүретін Лиза ханымға марапатыңыз құтты болсын дей отырып, ұрпақ тәрбиелеу ісінде де, өнер саласында да әрдайым биік белестерден көрініп, табыстан табысқа жете беріңіз деген тілектестік білдіреміз.