БІЗДІҢ БИШІЛЕР ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІЗДІҢ БИШІЛЕР ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ.
17
декабрь
2022

БІЗДІҢ БИШІЛЕР ГРАН-ПРИ ИЕГЕРІ АТАНДЫ.

     Бүгін біздің мектебіміздің «Шолпан жұлдыздары» бишілер тобы  «Жас жұлдыз» Республикалық балалар мен жасөспірімдер арасындағы өнер байқауына қатысып, бас жүлдені жеңіп алды. Жарайсыңдар, дейміз. Мектебіміз бен ауданымыздағы көптеген игілікті іс-шаралардың көркі болып жүретін біздің мың бұрала билейтін сымбатты да сүйкімді қыздарымыз үлкен додада өнерлерімен сайысқа түсіп, өздерінің нағыз өнерпаз екендіктерін көрсетті. Осылайша биші қыздарымыздың жұлдыздары жанып, бас жүлдеге ие болды. Осы ретте, өнерпаз қыздарымызға үлкен белестерден көріне беріңдер дей отырып, ұзақ жылдар бойы бидің қыр-сырын үйретіп, сұлу өнерге баулып жүрген мектебіміздің «Шолпан жұлдыздары» тобының жетекшісі Есентаева Шолпан ханымды осынау жеңісімен құттықтап, өнерпаз жастарды тәрбиелеу ісіндегі еңбегі табысты болсын деп тілектестік білдіреміз.