БІЗДІҢ ҰСТАЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » БІЗДІҢ ҰСТАЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
16
декабрь
2022

БІЗДІҢ ҰСТАЗ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.

      Белсенді ұстаным, жемісті еңбегімен танылып жүретін ұстаздарымыз біздің мектебімізде көп десек те болады. Бұл әрине, біз үшін мақтаныш, үлкен абырой. Ол кісілер әрдайым алға қарай ұмтылып, әртүрлі байқау-сайыстарда жарқ етіп көрініп, мектебіміздің де, ауданымыздың да абырой-беделін көтеріп жүреді. Міне, «Өмір деген – мүмкіндік. Сол мүмкіндікті барынша тиімді пайдаланыңдар» деп ақыл-кеңесін айтып жүретін сондай ұлағатты ұстаздарымыздың бірі, әрі бірегейі – ол қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі, ардагер ұстаз Жабаева Гүлбаршын Мырзабекқызы.  Қай кезде болмасын, қоғамдық жұмыстардың ортасында жүріп, игі істердің ұйытқысы болып жүретін апайымыз 40 жылға жуық білім беру саласында өнімді еңбек етіп, бойындағы бар игі жақсысын беріп, шәкірт тәрбиелеп келеді. Өзінен кейінгі  әріптес іні-сіңлілеріне ұстаздықтың қыр-сырын үйретіп, табысқа жетудің жолын нұсқап жүреді.  Ізгіліктің дәнін сеуіп жүретін апайымыз кеше ғана қалалық «Адал ұстаз» конкурсына қатысып, жүлделі ІІІ дәрежелі дипломға ие болды. Осылайша мерейі тағы да үстем болып, мектебіміздің абыройын арттырды. Құтты болсын дейміз. Ұлағатты ұстазымыздың жеңісіне шын қуана отырып, бұдан да биік белестерден көріне беріңіз деген тілектестік білдіреміз.