ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
13
декабрь
2022

ПРЕЗИДЕНТТІҢ АЛҒЫС ХАТЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

Кеше ұлағатты апайымыз, №59 мектеп-гимназиясының директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы ел басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаевтың «Алғыс хатымен» марапатталды. 30 жылдан астам білім беру саласында өнімді еңбек етіп, ұрпақ тәрбиесімен айналысып жүрген апайымыз қоғамдық жұмыстарға да белсене араласып, мемлекеттің алға қойған мақсаттарын жүзеге асыруға барынша қызмет етіп келеді. Қай істе болмасын, жауапкершілікпен қарап, алға қойған тапсырмасын тиянақты етіп, «Қоғам игілігі үшін жұмыс істеу- бәріміздің ортақ міндетіміз» деп әріптес-мұғалімдерді де жұмылдырып, жақсылыққа  шақырып жүреді. Міне, осы ізгі қасиеттері апайымыздың жолын ашық етіп, мерейін арттырып келеді. Алғыс хаттағы «Ел игілігі жолында еңбегіңіз жемісті болсын» деген ізгі тілегі бар мемлекет басшысының сөздері тек апайымызды ғана емес, бәріміздің көңілімізді көтеріп, қуантып тастады.

Құрметті Айжан Тойбекқызы! Халықтың кемел келешегі үшін атқарып жатқан еңбегіміз әрдайым жемісті болсын деп тілек білдіреміз. Отбасыңызға амандық, деніңізге саулық, ұстаздық еңбегіңіз бен басшылық қызметтеріңізде табыстан табысқа жете беруіңізге тілектеспіз.

59 мектеп-гимназиясының мұғалімдері