Тәуелсіздік құтты болсын! » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәуелсіздік құтты болсын!
26
декабрь
2020

Тәуелсіздік құтты болсын!

ТӘУЕЛСІЗДІГІМІЗ ТҰҒЫРЛЫ БОЛСЫН!

 Мақалалар 0 108 қаралған 2020-12-15
Айжан Қасымова,
Алматы қаласы
 №59 мектеп-гимназиясының директоры
Тәуелсіздік күні! Бұл күн қазақ жеріндегі «Елім!..» деп жүрегі соғатын әрбір азамат үшін қастерлі де ұлық мереке. Осы күнге жетуде қайтпас рухты ер халқымыз бастан не кешірмеп еді: ел қорғау шайқастары мен ұлт-азаттық көтерілістерді де, адам төзгісіз аштық пен репрессияларды да…  Иә, мұның бәрі Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегенін білдірсе керек-ті.
Тәуелсіздік күні мерекесі- бұл Ұлттық мереке. Алмағайып өтпелі кезеңнің барлық қиындықтарын жеңіп, әлемдік сахнаға көтерілген Қазақ елінің әрбір азаматы үшін бұл қастерлі күннің орны айырықша. Қазақстанның Тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев бір сөзінде: «Ұлы далада бірінен соң бірі толас таппай жүріп жатқан екі жүзге тарта көтерілістер эстафетасы – біздің бүгінгі Тәуелсіздігіміздің бастау көздері» деп бағалаған еді. Ендігі кезекте Отанымыздың тыныштығы мен біртұтастығын сақтауға бар күшін сарп еткен батыр бабаларымыздың ерліктері мен өнегелі істерін келер ұрпаққа жеткізу міндеті тұр. Елжандылық пен отансүйгіштік дәстүрді жалғастырып, жастардың бойына дарыту, патриоттық рухта тәрбиелеу ісі үздіксіз жүргізілуі аса маңызды. Білім беру саласы, оның ішінде мұғалімдер қауымы тәуелсіздік туын көтерген сәттен бастап бүгінге дейін өзіне артылған жауапкершілікті міндетті абыроймен атқарып келе жатқандығын әрине айту керек. Тәуелсіздік жылдарында көптеген өзгерістер мен реформалар жүргізілді. Еліміз өркениет көшіне ілесіп, гүлдену мен көркеюді бастан кешірді. Осы уақыт ішінде білім беру жүйесі әлемдік озық үлгілері мен ғасырлар бойғы жинақталған рухани құндылықтар негізінде жасақталып, ұрпақ тәрбиесінде жүйелі жұмыс жасап келеді. Қазіргі таңда мұғалімдерге жеткілікті деңгейде жағдай жасалып, шығармашылықпен жұмыс жасауына толық мүмкіндіктер берілді. Мұғалімдер мәртебесі көтеріліп, қоғам тарапынан қолдауға  ие болып та келеді. Бұл Елбасының  қамқорлығы мен бүгінгі мемлекет басшысының ұстанған саясатының дұрыстығын аңғартады.  Елдің басты капиталы – осы мемлекеттегі азаматтар болса, олардың саналы, білімді болуы әрине мұғалімдер еңбегіне байланысты. Мұғалімнің әрбір ісі- болашақтың іргетасын қалайды. Еліміздің тыныштығы мен берекесінің, көпұлтты Қазақстан халқының жарастығы мен ынтымақтастығының мызғымастай берік болуында мұғалімдер еңбегі әрине көп. Осынау бір еліміз үшін біртұтас елдіктің, татулық пен ынтымақтастықтың, сонымен қатар, өткенге деген тағзымды салауат пен келешекке деген сенімді үміттің мерекесі қарсаңында барша азаматтарды, Қазақ еліндегі ұрпақ білімі мен тәрбиесімен айналысып жүрген мұғалімдерді ел тәуелсіздігін нығайту ісіндегі еңбектері жемісті де жеңісті бола берсін деп тілек білдіреміз.  Тәуелсіздігіміз тұғырлы болсын! Ұлттық мерекеміз құтты болсын!