26
август
2022
«Ы.АЛТЫНСАРИН» ТӨСБЕЛГІСІМЕН МАРАПАТТАЛДЫ
Бүгін Тамыз конференциясы аясында оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетов мектеп-гимназиямыздың директоры, қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Қасымова Айжан Тойбекқызын «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттады. Бұл Айжан Тойбекқызы үшін ғана емес, бүкіл ұжым үшін үлкен қуаныш, зор мәртебе болды. Ұстаздық қызметте 30 жылдай жүріп, ұлағатты ұстаз, білікті басшы деңгейіне көтерілген әріптесіміздің бұл марапаты шынтуайтына келгенде бәрімізге жақсы жаңалық болып, көңіл-күйімізді бір көтеріп тастады. Бірнеше жылдар бойы мектебімізді басқарып, ынтымақты ұжым қалыптастырып, биік-биік белестерге жетелей білген апайымызды шын жүректен құттықтай отырып, алар асуыңыз бұдан да биік бола берсін деген ақжарма тілегімізді білдіреміз.