Білім күніне құтықтау » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Білім күніне құтықтау
08
октябрь
2018

Білім күніне құтықтау

Айжан Тойбекқызы Қасымова

 Айжан Тойбекқызы Қасымова – мектеп-гимназия директоры, Қазақстан Республикасы «Ұлағатты ұстаз» төсбелгісінің иегері.

Алматы қалалық Білім басқармасы Айжан Тойбекқызының мектеп-гимназияның оқу үрдісін жетілдірудегі іскерлігі мен ҰБТ ұйымдастырудағы үздік жетістігі үшін2016 жылдың 23 маусымынан бастап№59 мектеп-гимназия директоры қызметіне тағайындады.

Қасымова Айжан Тойбекқызы - оқытудың озат технологиясы мен ғылыми - теориялық әдіс-тәсілдерін жоғары деңгейде меңгерген әдіскер- ұстаз, еңбекқор басшы.

Қасымова Айжан Тойбекқызы мектеп ұжымының, оқушылардың және ата-аналар арасында өзінің білімді де, білікті ұстаз болуымен қатар, өзінің идеясымен ұжымды шығармашылыққа жұмылдыра алатынқабілетті тұлға.

Ұжымды басқарудағы маңызды міндеті - «Бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарып», білім беруде зияткерлік, дене, рухани тұрғысынан дамыған азаматты қалыптастыру, оның әлеуметтік бейімделуін қамтамасыз ететін білім сапасын жетілдіру. Педагогтердің жұмысына жауапкершілікпен қарап, әр тұлғаны танымдық қабілетіне сәйкес дамыту арқылы ғасырға жуық тарихы бар мектеп дәстүрін сақтай отырып, инновациялық технологияларға қарай қадам басу негізінде оқушылардың білім сапасын арттыру.

Айжан Тойбекқызы 2011 жылдан бастап осы ұжымда директордың бейін және ғылыми істер жөніндегі орынбасары қызметін атқара жүріп, мектеп ұжымының элективтік бағдарлама жазу жұмыстарына, әдістемелік құралдар жазу, мұғалімдердің түрлі сайыстарға қатысуына, оқушылардың пәндік олимпиадалар мен ғылыми жоба жұмыстарына қатысып, жоғары нәтижеге жетуіне өз үлесін қосып жүрген білікті басшы.

 

 

Мектеп жетістігі

 

2017-2018 оқу жылындағы мектеп-гимназия мерейін асқақтататын басты жетістіктеріміз. Атап айтар болсақ, қала бойынша №59 мектеп-гимназиясы «Алматы қаласы білім беру ұйымдарының арасында өткен Үздік педагогикалық ұжым-2018» байқауының І орын иегері атанды. Бұл жетістік барша педагог мұғалімдердің, саналы шәкірттердің және соларға қамқор бола білген ата-аналардың жетістігі.

2017-2018 оқу жылы бойынша ҰБТ қорытындысы да мектеп мәртебесін арттырды. Өткен жылы мектептен 58 түлек түлеп ұшып, ҰБТ қорытындысы 121,39 балды құрап, қала бойынша алдыңғы үздік ондықтың қатарынан табылдық. Сол 58 оқушының 53-і мемлекеттік грант иегері атанып мектеп-гимназия абыройын асқақтата түсті. Бұл асқақ абырой ҰБТ-ға жауапты біздің ұлағатты ұстаздарымыздың ерен еңбегі.

Cалтанатты жиынымыздың кезекті іс-шарасы марапаттауларға берсек. «Ұстаз жетістігі – мектеп мәртебесі» - демекші, мектеп мәртебесін биікке көтерген ұстаздарымыздың бірі, Өткен оқу жылының жемісті жаңалығы тарих пәнінің жоғары дәрежедегі мұғалімі Сраилова Ләзат Асырқызы «Ыбырай Алтынсарин» төсбелгісімен марапаттаймыз.

Ендігі кезекте қалалық «Үздік педагог-2018» педагогикалық байқауының жеңімпазы, география пәнінің іргелі деңгейлі білікті маманы Арзикулова Гулмира Азкенқызын І дәрежелі дипломымен марапаттаймыз.

«Оқушы жетістігі – ұстаз абыройы. Ұстаздарымен бәйгеге қатар шауып,білім сапасын арттырумен қатар өз шығармашылық қабілеттерін де арттырып, шетелдік сахналарда өнер көрсетіп жүлдегер атанып жүрген оқушыларымыз да күн санап артып келеді. Халықаралық, республикалық байқауларда топ жарып, жүлдегер атанған оқушылар қатарында Өмірзақов Жандос Италия қаласында өткен халықаралық өнер фестивалінде І дәрежелі лауреат атағымен құттықтаймыз;

Аталған фестивальден І дәрежелі лауреат дипломын иеленген «Сенім» триосын марапаттаймыз;

Ташкент қаласында өткен Халықаралық «Роза Востока» ән-би байқауының ІІ орын жеңімпазы Асым Балаусаны марапаттаймыз;

«Елордама арнадым» халықаралық жасөспірімдер байқауының Гран-при иегері Жолдас Димашты марапаттаймыз.

 

Білім күніне құтықтау
Білім күніне құтықтау
Білім күніне құтықтау
Білім күніне құтықтау

Похожие публикации:

17 октябрь 2015 Мектеп тарихы