І жарты жылдық есеп » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
05
декабрь
2017

І жарты жылдық есеп

Тамақтандыру сапасын бақылау комиссиясының 

2017 жылдың І тоқсанындағы бақылау есебі

 

       №59 мектеп-гимназияда тамақтандыруды 2016 жылғы «Алматы қаласы Білім Басқармасының «№59 мектеп-гимназиясы» КММ-і білім алушыларды тамақтандыруды ұйымдастыру бойынша көрсетілетін қызметтерді берушілерді таңдау» конкурсының жеңімпазы  «Байгонов Даулет Оразханович» ЖК ұйымдастырады. Конкурс қорытындысы туралы хаттама 29.03.2016ж.

       № 59 мектеп-гимназияның 90 орынға арналған асханасы жаңадан соғылып, 2013 жылдың наурыз айында қолданысқа беріліп, желтоқсанда жаңа асханалық құрылғылармен қамтамасыз етілген.

     Ас дайындау құрылғыларын, столдар мен өзге де құрал -жабдықтарды, ыдыстарды дезинфекциялау мен жуу санитарлық- гигиеналық талаптарды толық сақтай отырып жүзеге асады.

  №59 мектеп-гимназия бойынша ыстық және буфеттік тамақтардың сапасын тексеру,бақылау,қадағалау мақсатында 29.08.2015ж. №107 бұйрыққа сәйкес төмендегі  құрамда комиссия құрылды:

Комиссия төрайымы: Қасымова А.Т

Мүшелері:

Еңсебаева Л.Т-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Аралбаева Г. -мектеп медбикесі

Сейдазимова Э.Ш – әлеуметтік педагог

Жықбаева А.Е – мектеп психологы

      2017жылдың 1 қыркүйегінен 31 қазан аралығында комиссия мониторингтік бақылау жасады:

Тамақ сапасын бақылау мақсатында комиссия күнделікті дайын тамақтан бракераж алып отырды, дайын ыстық тағамдар мен аспаздық (кулинарных) тағамдардың пісу деңгейі тексерілді, барлық уақытта дәмі, иісі, құрамы нормаға сай болды және ол туралы бракераждық журналға жазылды.

Тағамдардың бекітілген менюге сәйкестігі мен мөлшері бақыланды;

Мектеп медбикесі асхана қызметкерлерін күнделікті тексеріп терінің іріңдеу, тұмау, ангина сияқты аурулары бар-жоғын анықтап, қызметкерлерді жұмысқа жіберуге рұқсат етуді тіркеу журналына тіркеп отырды;

Осы аралықта асхана жұмысында ешқандай ескертулер болған жоқ. Ақылы тамақты қамтамасыз ету үшін оқушылардың жас ерекшелігіне сәйкес түрлі ас мәзірі даярланған. Буфеттік өнім сапалы және әрқашан жаңа пісіріледі.

      2017 жылдың 27 қазандағы есеп бойынша мектеп-гимназияда барлығы 1040 оқушы, оның ішінде 63 оқушы  жалпыға бірдей оқуға қамту қоры есебінен ыстық тамақпен қамтамасыз етілді(қамқорлыққа алынған жетім – 1, тұрмысы төмен отбасынан шыққан оқушылар - 62). Тегін және ақылы ыстық тамақтың орташа бағасы 350 теңге. Ата-аналардың есебінен ыстық тамақ ішетін оқушылар:

1-4 сыныптар бойынша – 30 оқушы

5-8 сыныптар бойынша – 27 оқушы

9-11 сыныптар бойынша – 6 оқушы

Қалған оқушылар мектеп асханасынан буфеттік өнімдермен қамтамасыз етілген. Буфеттік бір өнімнің орташа бағасы 80-100 теңге.

 Мектеп асханасында тамақтандыруды ұйымдастыру қамтамасыз етуде:

Оқушылардың денсаулығын сақтауды;

Құнарлылығы мен мөлшері ескерілген толық қанды сапалы ыстық тағамды;

Тамақтану мәдениеті мен өзіне-өзі қызмет ету дағдысын қалыптастыруды;

      Есеп  беру айлығы барысында аталған мақсаттар толықтай жүзеге асты. Тамақ сапасын мониторингтеу комиссиясы қызметі келешекте де өз жалғасын таппақ.

 

Комиссия төрайымы: Қасымова А.Т

Мүшелері:

Еңсебаева Л.Т-директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары

Аралбаева Г. -мектеп медбикесі

Сейдазимова Э.Ш – әлеуметтік педагог

 

Жықбаева А.Е – мектеп психологы