Мектеп тарихы » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Мектеп тарихы
17
октябрь
2015

Мектеп тарихы

Тарихы терең білім ордасы

Түрксіб темір жолының келуіне байланысты Қазақстанның астанасы Қызылордадан Алматыға көшірілді. Түрксібті салған теміржолшылардың балаларын оқыту қажет болды. Ондаған мектептер және басқа да ағарту мекемелері ашыла бастады. Бұрынғы қалалық ағарту бөлімінің қамтуында болып келген Түрксіб қазақ мектебі 1936 жылы темір жол қарауына берілді.

Түркістан –Сібір жолының мектеп бөлімі бұл мектепті 1936 жылдан бастап Сәкен Сейфуллин атындағы № 22 қазақ орта мектебі деп атады.

1937 жылы Сәкен Сейфуллин аты алынып, қайтадан тек № 22 қазақ орта мектебі деп аталды.

1957 жылы Абай атындағы № 22 қазақ мектебі болды.

1958 жылы № 22 қазақ мектебі Абай атындағы № 278 мектеп болып өзгерді.

1976 жылы № 46 мектеп болып аталды.

1997 жылы 1 ақпаннан бастап № 46 мектеп Алматы қалалық Білім басқармасы қарамағына беріліп, мектебіміз қала бойынша № 59 қазақ орта мектебі деп аталды.

2008 жылы № 59 жалпы білім беретін мектеп болды.

2011 жылы желтоқсан айының 10- жұлдызында мектебіміздің 75 жылдық мерейтойы тойланды.

Нәтижеге бағытталған педагогикалық технология бойынша мектебіміз қала көлемінде эксперименттік алаң ретінде нәтижелі жұмыс жүргізіп, аудандық, қалалық, республикалық, халықаралық сайыстарда және ОЖСБ, ҰБТ-жоғары деңгейді көрсетіп, пән мұғалімдері элективтік курс, әдістемелік құралдардың авторлығына ие болу нәтижесінде 2012 жылдың 10-қыркүйегінде Алматы қаласы әкімдігінің №3/789 қаулысы бойынша Алматы қаласы білім басқармасының «№ 59 мектеп-гимназиясы» мемлекеттік коммуналдық мекемесі статусы берілді.

Жалпы мұғалімдер саны – 101

Ыбырай Алтынсарин атындағы медаль иегері – 1

Білім беру ісінің үздігі – 7

Жоғары санатты – 38

Бірінші санатты – 17

Екінші санатты – 32

Жалпы оқушылар саны - 937

Похожие публикации:

15 октябрь 2015 Отчет за 9 месяцев
21 январь 2015 Объявление
21 январь 2015 Хабарландыру