Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » БҮГІН РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.
25
август
2022

БҮГІН РЕСПУБЛИКА САРАЙЫНДА ТАМЫЗ КОНФЕРЕНЦИЯСЫ ӨТТІ.

      301 мектеп, 866 балабақша, жоғары оқу орындарының 30 пайызы шоғырланған Алматы секілді ірі шаһарды- білім мен ғылымның орталығы, үлкен мәдени қала деп бекер айтпайды. Барлық ірі жобалар, заманауи бағдарламалар осы орталықтан бастау алып, таралып жатады. Сондықтан да Алматыны тың идеялардың орталығы, пилоттық жобалардың қаласы деп те айтып жатады. Бүгінгі  мектеп мұғалімдері мен директорларының басын қосқан Тамыз конференциясы осы идеялар мен жобалар төңірегінде көбірек сөз болып, жақсы жақсы ойлар, тың пікірлер, озық тәжірибелер ортаға салынды. Республика сарайында пандемиядан кейін алғаш рет үлкен форматта өткен аталмыш форумға ұйымдастырушылар тарапы да үлкен дайындықпен келіп, келушілерге жағымды әсер қалдыруға тырысып баққандығы көрініп тұрды. Әсіресе холдағы әртүрлі ІТ компаниялар өнімдері қойылып, заманауи мектепке қажетті құрылғылар мен техникаларды жарнамалап, көрсетілсе, екінші қабатында кітап көрмелері, ұлттық бұйымдар ұйымдастырылды. Сол жақ қабатында робототехника өнімдері, оқушыларға қажетті дүниелер көрсетіліп жатты. Ардагер ұстаздар Миразова Аягүл Төреқызы, Гүлмира Естайбековналар шақырылды. 

     Конференция спикерлері: қала әкімі Досаев, оқу-ағарту министрі Аймағамбетов, Сингапур мұғалімдер одағының Бас хатшысы Майк Тируман, Хельсинки қаласының білім беру департаментінің басшысы Марье Киллонен, Нью-Иорк университетінің студенті Нұрберген Айтмұханбетов.  Модератор Нұрлан Қиясов спикерлерге кезегімен сұрақтар қойып, жүргізіп отырды. «Қазіргі заманның мектептері қандай талаптарға ие болуы керек?», Жеке меншік мектептердің маңызы,  қаладағы мектептердің жаңа форматқа көшетіндігі туралы, Талантты жастарды мұғалімдікке тартудағы жұмыстар, Қазақстан мектебінде не жетіспейтіндігі, нені қолға алу керектігі және т.б. мәселелер қозғалып, кезек кезегімен жауап беріп жатты. Бір өкініштісі, шет елден келген қонақтар ағылшын тілінде сөйлеп, сөйлеген баяндамалары аударылмай қалды. Өйткені олар әлемдегі білім беру жүйесінің ең үздіктері «Сингапурлық феномен», «Финдік білім беру жүйесі» секілді тақырыптарда сөз қозғап, біраз қызықты дүниелерді айтты (Ағылшын тілін білмегенімізге өкіндік). Спикерлер сөйлеп болғаннан кейін марапаттау сәті басталды. Бір қуанарлығы, біздің мектеп басшымыз Қасымова Айжан Тойбекқызы «Ы.Алтынсарин» төсбелгісімен марапатталып, көңіл-күйіміз көтеріліп қалды. Конференция барысында «Сенім» вокалды хор студиясы өлең айтып, өнерлерін ортаға салды. Екінші бөлімінде №81 мектеп-гимназия директоры Тұрымбетов Нұрғали, «Айб» білім беру қорының қамқорлық кеңесінің төрағасы Арам Пахчанян және журналист, «Басқа мектеп» кітабының авторы Александр Мурашев кезек кезегімен ортаға шығып, замануи мектеп, жақсы мектептің критерийлері, мектепті жақсартудағы директорлардың атқарар ролдері туралы баяндамалар жасап, слайд презентациялар қойып, келген көрермендерді қызықтырып отырды. Әсіресе Нұрғали Асанұлы мен Арам Пахчанянның сөздері өте пайдалы, қызықты болды. Жалпы аталмыш конференция сәтті өтті деп айтуға болады.