Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МЕКТЕПТЕР РЕЙТИНГІСІНДЕ 3-ОРЫН
05
август
2022

МЕКТЕПТЕР РЕЙТИНГІСІНДЕ 3-ОРЫН

Жақында Алматы қаласының Білім басқармасы 2022 жылдың үздік нәтиже көрсеткен мемлекеттік мектептер рейтингісін жариялады. Аталмыш рейтингте №59 мектеп-гимназия 3-ші орынға жайғасып, үздіктердің қатарынан көрінді. Бұл әрине, үлкен қуаныш, зор жетістік деуге болады. Түрксіб ауданының абырой-беделін көтеріп, ұзақ жылдар бойы білім беру жүйесінде жемісті еңбек етіп келе жатқан 59 мектеп-гимназия бұл жолы да сол биігінен түспей, өзіндік мәртебесін сақтап қала алды. Қаладағы ең мықты дейтіндей 12-ші, 159-шы гимназиялар мен 178 лицей секілді лидер мектептермен тайталасып 59 мектеп-гимназия да үлкен орны бар, білім мен тәрбие берудің өзіндік зор дәстүрі сақталған үздік мектептердің бірі екендігін тағы бір дәлелдеді. Жалпы мектептер рейтингісі дегенде үздік және жақсы оқитын оқушылары арқылы бағаланатын, сондай-ақ оқушылардың олимпиадаларға қатысуын назарға алатын ақпараттық мәліметтер. Бұл мәліметтер қала мектептерінің білім сапасын анықтап отыруға қажет болып жататын, сонымен бірге мектептер арасындағы әділ бәсекелестікті қалыптастырып, үлкен жетістіктерге жетуіне ұйытқы болатын күші мен әсері бар дүниелер. Сондықтан да қалалық Білім басқармасы мектептердің жыл бойы атқарылған жұмыстарының нәтижесін ортаға салып, артық-кем дүниелерін ескеріп, көрсеткіштерін жариялап отырады. Жаңа оқу жылы басталғалы жатқанда бұл рейтингілер бір мектептерге зор мәртебе беріп, жаңа бастамаларға дем берсе, келесі бір мектептерге күш жинап, өзін-өзі қамшылап, көп тер төгуге мұрындық болмақ...