Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » МҰҒАЛІМДЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ.
16
сентябрь
2022

МҰҒАЛІМДЕР ПРЕЗИДЕНТ ЖОЛДАУЫН ТАЛҚЫЛАДЫ.

      Бүгін №59 мектеп-гимназияның мұғалімдері Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың қыркүйектің 1-нде жасаған Жолдауын талқыға салды. «Әділетті мемлекет. Біртұтас ұлт. Берекелі қоғам» деген тақырыппен Қазақстан халқына арналған Жолдауындағы білім мен тәрбие мәселелеріне байланысты біраз дүниелері сөз болды. Бүгінгі басқосуда мұғалімдер аталмыш мәселелерді қозғаумен бірге Жолдауда айтылған негізгі бағыттар, нақтылап айтқанда саяси реформа, жаңа экономикалық саясат, инвестиция тарту, мемлекеттік басқару ісін жаңғырту, заң және тәртіп секілді маңызды тақырыптар төңірегінде де пікір алмасты. Қазақстан балаларын толықтай бала-бақшамен қамтамасыз ету, әсіресе Ұлттық қордың жанынан Балалар қорын ашуға байланысты ұсыныстары өте дұрыс қабылданған шешімдер деп қолдаушылық білдіріп жатты. 
    Соңында мектеп директоры Қасымова Айжан Тойбекқызы мұғалімдерді Ел Президентінің алға қойған мақсаттары мен нақты шешімдерін қолдап, біріге отырып атсалысуға шақырды.