ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ
16
март
2022

ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ
























ЖАҢА ҚАЗАҚСТАНДЫ БІРГЕ ҚҰРАЙЫҚ


Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев Қазақстан халқына Жолдау жасады. Тақырып саяси жаңғыруға байланысты болғандықтан Жолдау осы бағыттағы негізгі мәселелерге арналды. Атап айтар болсақ, саяси билікті түбегейлі жаңғырту, яки трансформациялау, парламент өкілеттілігін арттыру, сайлау жүйесін жетілдіру, сот билігін арттыру, жергілікті әкімдерді сайлауда демократизациялау, әкімдерді және орынбасарларын партиядан алып тастау, заңдардың жұмыс істеуін қадағалау, Конституциялық сот құру, Жаңа Қазақстанды құруда ақпарат құралдарының шынайы ақпарат таратудағы ролін арттыру және жаңа облыстар құру туралы болды. Әсіресе Абай, Ұлытау облыстарын құру және бірегей тұлға Дінмұхамед Қонаевтың атын Қапшағай қаласына беру туралы ұсыныстарын халық қуанышпен қарсы алды. Ел басшысы Тоқаевтың баяндама басында Қаңтар оқиғасының зардабын айтып, бұндай қайғылы оқиғалардың алдағы уақытта қайталанбас үшін бүгіннен бастап ізгі шараларды қолға алу керектігін басып айтты. Жаңа Қазақстанды тек ел болып,   ауызбіршілікпен, біріге орната аламыз деді. Біз де өз тарапымыздан Ел Президентін бір кісідей қолдап, еліміздің жарқын болашағы үшін еңбек етуге шақырамыз. Қазақстан, қазақ халқы жасай берсін! Тоқаев мырза, біз сізбен біргеміз!