Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты
11
январь
2022

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Парламент Мәжілісінің пленарлық отырысына қатысты

2022 жылғы 11 қаңтар
Пленарлық отырысқа дейін Мемлекет басшысы Парламент Мәжілісіндегі саяси партиялардың фракциялары жетекшілерінің алдында сөз сөйлеп, Қазақстан Республикасы Премьер-Министрі лауазымына Әлихан Смайыловтың кандидатурасын талқылауға ұсынды.
Фракциялар жетекшілері Әлихан Смайыловтың кандидатурасына қолдау білдірді.
Бұдан кейін Қасым-Жомарт Тоқаев ҚР Конституциясының 44 бабына сәйкес Парламент Мәжілісінің қарауына Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі лауазымына Смайылов Әлихан Асханұлының кандидатурасын ұсынды.