Оқуға құштар мектеп жобасы » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » Оқуға құштар мектеп жобасы
19
март
2021

Оқуға құштар мектеп жобасы

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінде берген тапсырмасына сәйкес  БҒМ «Оқуға құштар мектеп» жобасын бекіткен болатын. «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында көркем әдебиеттер тiзiмi 4 бағыт бойынша жүзеге аспақ. Яғни олардың қатарына еліміздің үздік классиктернің кітаптары, ана тіліне аударылған шетелдік әлем әдебиетінің жауһарлар, сонымен бірге қазіргі заманғы ақын-жазушылардың кітаптары енетін болады. 

«№59 мектеп-гимназия»коммуналдық мемлекеттік-мекемесі «Оқуға құштар мектеп» жобасыны аясында кітап көрмесі ұйымдастырды.



Мақсаты: оқу мәртебесін арттыру, оқу іс-әрекеті және оқу сапасын арттыру, балалардың мәдени және оқу құзыреттілігін дамыту, сонымен қатар жас ұрпақ бойында жоғары азаматтық және рухани-адамгершілік бағдарларды қалыптастыру. Көрме - оқырмандарға қосымша білім алуға, ұсынылған тақырыпқа қызығушылықты қалыптастыруға және кеңейтуге мүмкіндік беретін әдебиетті көрнекі насихаттаудың негізгі әдістерінің бірі.

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов айтқандай: «Оқу- дүниетаным туралы ой-өрісті кеңейтуге көмектеседі, сыни ойлауды дамытады6 білімді, шығарма кейіпкерлерінде болатын мінез-құлық үлгілерін сіңіруге көмектеседі, жалпы, адамды тәрбиелейді.Мұның бәрін бала кезінен бастау керек. Сол кезде әдебиетке деген сүйіспеншілік адамның бүкіл өмірінде болады ».