МИНИСТР ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МИНИСТР ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
06
декабрь
2022

МИНИСТР ГРАМОТАСЫМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.

       Қараша айының 28 мен 30 аралығында Астана қаласының Оқушылар сарайында өткен шығармашыл оқушылар арасындағы «Ақберен» ІХ республикалық өнер байқауында қол жеткен ерекше жетістіктері үшін мектебіміздің 11-сынып оқушысы, мектеп мақтанышы Абдулла Нұрхан Оқу-ағарту министрі Асхат Аймағамбетовтың грамотасымен марапатталды. Құтты болсын, дейміз. Көптеген өнер байқаулары мен республикалық олимпиадаларда топ жарып, биіктен көрініп жүрген оқушымыз бұл жолы да мектебіміздің абыройын көтеріп, жоғары марапаттарға ие болып жатыр. Шығармашыл, әрдайым белсенді болып жүретін Нұрхан баламыз өзінің еңбекқорлығымен, ізденгіштігімен қай байқауларда болмасын, дара атанып, жоғары жетістіктерден көрініп жатады. Алдағы уақыттарда да осы бетінен қайтпай, үлкен мақсаттарына жете беруіне тілектеспіз. Ал осындай дарынды шәкіртті тәрбиелеп жүрген мұғалімдері мен қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ахметова Хабира Берікболқызына үлкен алғыс айтамыз. Талантты шәкірттерді көптеп шығара берсін деген ізгі тілек білдіреміз.