ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "TETRI TOLIA"БАЙҚАУЫНДА "БАС ЖҮЛДЕГЕ" ИЕ БОЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "TETRI TOLIA"БАЙҚАУЫНДА "БАС ЖҮЛДЕГЕ" ИЕ БОЛДЫ.
05
декабрь
2022

ХАЛЫҚАРАЛЫҚ "TETRI TOLIA"БАЙҚАУЫНДА "БАС ЖҮЛДЕГЕ" ИЕ БОЛДЫ.

       Міне, тағы бір қуанышты жаңалық. Біздің №59 мектеп-гимназиясының  6 "В" сынып оқушысы Юсуп Нурислам Дауренұлы Батуми қаласында өткен халықаралық "Tetri Tolia"байқауына қатысып, "Бас жүлдеге" ие болды. Қандай керемет жетістік. Жас болса да, бас болып, халықаралық деңгейдегі жарыстарға қатысып, жоғары марапаттарға ие болып жатқан баламызға шын қуанып жатырмыз. Жарайсың, Нурислам, дейміз. Естеріңізге сала кетсек, осыдан екі ай бұрын ежелгі Эллиндер елінде өткен «Корона Орфея» Халықаралық музыкалық фестиваліне де қатысып, біздің баламыз топ жарып, І орынға ие болған еді. Енді міне, араға бірер уақыт салып, тағы да сол биіктерден көрініп жатыр. Өз елі мен мектебінің абыройын асқақтатып, мерейін үстем етіп жатқан баламызға тілектестік білдіре отырып, осындай талантты шәкіртті баптап, дайындап жүрген жетекші мұғалімдері мен ата-анасына алғыс сезімімізді білдіреміз.