ОҚУШЫМЫЗ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН БАҚ СЫНАСТЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОҚУШЫМЫЗ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН БАҚ СЫНАСТЫ.
24
октябрь
2022

ОҚУШЫМЫЗ ДЗЮДО КҮРЕСІНЕН БАҚ СЫНАСТЫ.

      Осы аптада №59 мектеп-гимназиясының 6 «Ә» сынып оқушысы Сабырханов Байкен Республика күніне орай ұйымдастырылған ұлдар мен қыздар арасындағы «Құлагер» спорт клубының ашық біріншілігінде 50 кг салмақ дәрежесінде бақ сынасып, ІІІ орынды жеңіп алды. Жарайсың дейміз. Оқу-білімде ғана емес, спорт бағытында да үлкен нәтижеге жетіп, үздік атанып жатқан балаларымыз негізінде көптеп саналады. Міне, бұл жолы біздің Байкен деген оқушымыз өзінің күш-жігерімен, өнерімен үздік болып, диплом мен медальға ие болды. Сөйтіп мұғалімдері  мен ата-анасын қуантып, мерейлерін бір асырды. Жетістігі көп болсын деп біз де өз тарапымыздан тілектестік білдіреміз. Сынып жетекшісі: Алибекова Ләйлім Гамалқызы.