ГРЕКИЯДА ӨТКЕН ФЕСТИВАЛЬДЕ І ОРЫН АЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ГРЕКИЯДА ӨТКЕН ФЕСТИВАЛЬДЕ І ОРЫН АЛДЫ.
08
октябрь
2022

ГРЕКИЯДА ӨТКЕН ФЕСТИВАЛЬДЕ І ОРЫН АЛДЫ.

     Қыркүйек айының соңында ежелгі Эллиндер елінде өткен «Корона Орфея» Халықаралық музыкалық фестивалінде №59 мектеп-гимназиясының 6 «В» сынып оқушысы Юсуп Нурислам Дауренұлы топ жарып, І орынды жеңіп алды. Жастайынан өнерпаз, ән айтуды жаны қалап тұратын Нурислам жас болса да бас болып, халықаралық деңгейде өткен байқауға қатысып, бағын сынап көрді. Нәтижесінде жүлделі бірінші орынға ие болып, елінің абыройын асқақтатты. Құтты болсын дейміз. Әрдайым осындай биіктерден көрініп, өнер көгінде қалықтап жүре берсін деп тілектстік білдіреміз.