ДИМАШ, ЖАРАЙСЫҢ! » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
27
май
2022

ДИМАШ, ЖАРАЙСЫҢ!

           Балалар жылы аясында өткізілген «Жұлдызды сәт» байқауының қалалық кезеңінде топ жарып, «Вокал» номинациясы бойынша ең үздік атанған №59 мектеп-гимназиясының 9-сынып оқушысы Жолдас Дінмұхаммед І орын алып, тек мектебіміздің ғана емес, Түрксіб ауданының абыройын асқақтатты. Жастайынан өнерге құмар Димаш баламыз көптеген өнер байқауларына қатысып, жеңімпаздар қатарынан көрінсе, бүгін оның жұлдызы жанған сәт болды. Жарайсың, Димаш дейміз. Өнер әлемінде биікте қалықтап жүруіңе бәріміз тілектеспіз. Жетекшісі музыка пәні мұғалімі Кыпшакова Дариха апайға алғыс айта отырып, осындай талантты шәкірттері көп бола берсін деп тілектестік білдіреміз.