08
апрель
2022
"Классика әлемі 2022" байқауының жеңімпазы атанды.
Алматы қаласы Орталықтандырылған Кітапханалар Жүйесі, Ресей Консулы, Қазақстандағы Ресей серіктестігінің қолдауымен С.Бегалин кітапханасында ұйымдастырылған "Классика әлемі 2022" көркемсөз оқу шеберлерінің қалалық байқауында мектебіміздің 5 «В» сынып оқушысы Жанатбек Азиза мәнерлеп оқу бағыты бойынша жүлделі 3-орынға ие болды. 50 мектеп қатысып, 250-ге жуық оқушы бақ сынасқан байқауда оза шауып, жеңімпаздардың қатарынан көрінген талантты қызымызға алғыс айта отырып, алдағы уақытта да жеңіс тұғырынан көріне беруіне тілектестік білдіреміз. Жетекшісі – қазақ тілі мен әдебиеті пәні мұғалімі Ерсариев Медет Ермағанбетұлы