ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨТКЕН ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨТКЕН ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ.
19
апрель
2023

ОҚУШЫЛАРЫМЫЗ ВОЛЕЙБОЛДАН ӨТКЕН ЖАРЫСТА ТОП ЖАРДЫ.

     Кеше біздің мектебіміздің оқушылары Алматы телекоммуникация және машина жасау колледжі ұйымдастырған волейбол жарысына қатысып, жүлделі 2-ші және 3-ші орындарды жеңіп алды. Нақтырақ айтатын болсақ, 10-шы және 11-ші сынып оқушылары жүлделі екінші орынды жеңіп алса, 9-сынып оқушылары үшінші орынға ие болды. Сөйтіп біздің жоғары сынып оқушыларымыз осы бір спорт түрінен үздік екендіктерін көрсетіп, жеңімпаз атанып отыр. Осы ретте оқушыларды волейболға баулып, жарысқа дайындап жүрген денешынықтыру пәні мұғалімдері Иембергенов Жанабай мен Ташаухан Даниярға алғыс сезімімізді білдіре отырып, игі істеріне сәтіліктер тілейміз. Спорт саласында оқушыларымыздың жетістіктері көп бола берсін дейміз.