ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТАН І ОРЫН АЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТАН І ОРЫН АЛДЫ.
28
март
2023

ҚАЛАЛЫҚ ДЕБАТТАН І ОРЫН АЛДЫ.

    Бүгін Алматы қаласының білім басқармасы ұйымдастырған қалалық дебат турниріне қатысып, біздің оқушыларымыз ағылшын лигасы бойынша бәрінен басым түсіп, жүлделі І орынға ие болды. Жарайсыңдар, дейміз. 10-сынып оқушылары – Асқар Батырбек, Жахан Аяулым, Нариманов Батырхан сайыс барысында өздерінің интеллектуалдық қабілеттері мен белсенді ұстанымдарымен бәрінен оқ бойы озық болып, жеңімпаз атанды. Осылайша мектебіміздің ғана емес, Түрксіб ауданының мәртебесін көтерген оқушыларымыз қалалық білім бөлімінің басшысы Ләззат Жылқыбаеваның мөрі мен қолы қойылған дипломмен және кубокпен марапатталып отыр. Бұл біздің мектебіміздің дебат клубының жақсы жолға қойылғандығын және балаларымыздың дайындығы жоғары деңгейде екендігін көрсетсе керек. Осы ретте дебат клубының жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Жылқыбаева Ләззатқа  шәкірттерді дайындаудағы еңбегіне ризашылық сезімімізді білдіре отырып, үлкен-үлкен алғыс айтамыз.  Биік белестерден көріне беретін шәкірттері көп бола берсін деген тілектестік білдіреміз.