ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІНДЕ І ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІНДЕ І ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.
17
январь
2023

ПІКІР-САЙЫС ТУРНИРІНДЕ І ОРЫНДАРҒА ИЕ БОЛДЫ.

      Бүгін біздің балаларымыз, №59 мектеп-гимназиясының 10-сынып оқушылары - Алиева Перизат, Нариманов Батырхан (орыс тілділер лигасында), Асқар Батырбек, Жахан Аяулым (ағылшын лигасында) 9-11 (12) сынып оқушыларына арналған оқушылардың ұлттық пікір-сайыс турнирінің аудандық кезеңіне қатысып, І орындарға ие болып отыр. Жарайсыңдар, дейміз. Өздерінің интеллектуалдық білімдерімен, белсенді ұстанымдарымен ерекшеленіп, қазақша лигасында да, орыс-ағылшын лигасында да барлық қатысушылардан басым болып, І дәрежелі дипломдарға ие болып жатыр. Осы ретте балалардың қарым-қабілеттерін шыңдап, дебат, пікір-сайыс турниріне дайындап жүрген жетекшісі, тарих пәнінің мұғалімі Жылқыбаева Ләззат Ақәділқызына алғыс сезімімізді білдіре кетсек дейміз. Мектебіміздің абыройын көтеріп, балалардың биіктен көрінуіне барынша еңбек етіп жатқан әріптесімізге сәттілік тілей отырып, оқушылардың алдағы қалалық, республикалық сайыстарда да жеңімпаз бола беруіне тілектеспіз.