ҮШ ОҚУШЫМЫЗ ММА ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҮШ ОҚУШЫМЫЗ ММА ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.
14
март
2023

ҮШ ОҚУШЫМЫЗ ММА ТУРНИРІНДЕ ЖЕҢІМПАЗ АТАНДЫ.

      Біздің №59 мектеп-гимназиясының 5 «Г» сынып оқушылары Жұмабай Даниял, Амангелді Абылайхан және Жанатов Ақжүрек Алматы қаласы Мұстафа Өзтүрік мектебі ұйымдастырған ММА турниріне қатысып, 3-уі де 1-орынға ие болып, жеңімпаз атанып отыр. Жарайсыңдар, дейміз. Бір сыныптан үш оқушы топ жарып, үлкен жарыстан жарқ етіп көрініп жатса, бұл шын мәнісінде мақтанарлық дүние, мектебіміз үшін үлкен жетістік. Спорттың осы бір ерекше түрінен бақтарын сынап, үлкен жарысқа қатысып жүрген оқушыларымыз да негізінде мықты екен. Оларға бұдан да биік белестерден көріне берсін деген шын тілектестік білдіреміз. Ал осындай бір сыныптан үш баланы шығарып, спортқа деген әуестігін оятып жүрген сынып жетекшісі Нышанбек Сымбат Нұрмаханқызына деген алғысымыз үлкен. Оқушылар білім-ғылым саласында ғана емес, сонымен бірге спорт, өнер бағытында да топ жарып жүрсе, бұл жетекшісінің де, мұғалімінің де еңбегі деп қарау керек. «Талантты ұстаз- талапты шәкіртті дайындайды» демекші, талантты ұстаздарымыз да, талапты шәкірттеріміз де көп болғай.