ЖАРАЙСЫҢ, АЛДИЯР! » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ЖАРАЙСЫҢ, АЛДИЯР!
18
апрель
2023

ЖАРАЙСЫҢ, АЛДИЯР!

    Иә, біздің №59 мектеп-гимназиямыздыің 6 «Ә» сынып оқушысы (сынып жетекшісі: Алибекова Ләйлім) Ғабит Алдияр таеквондо спорт түрінен Шымкент қаласында өткен Халықаралық турнирге қатысып, жүлделі 2-орынға ие болды. «Жарайсың, Алдияр!» дейміз. Әрдайым белсенді, спортқа деген құмары ерекше болып жүретін баламыз халықаралық турнирде топ жарып, көптеген қарсыластардан басым түсіп, жүлделі орынға ие болып, мектебіміздің ғана емес, еліміздің де атын шығарып отыр. Әртүрлі деңгейдегі жарыстарда жүлделі болып жүретін оқушымыз енді халықаралық турнирлерде өнер көрсетіп, жеңімпаз атануда. Өз тарапымыздан оқушымыздың жеңісіне қуана отырып, биік белестерден көріне берсін деген тілек білдіреміз.