«ҚАДІР ОҚУЛАРЫНДА» ІІ ОРЫН АЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ҚАДІР ОҚУЛАРЫНДА» ІІ ОРЫН АЛДЫ.
16
март
2023

«ҚАДІР ОҚУЛАРЫНДА» ІІ ОРЫН АЛДЫ.

     Біздің талантты баламыз, 6-сынып оқушысы Юсуп Нұрислам «Алматы дарыны» орталығы ұйымдастырған Республикалық «Қадір оқулары» байқауының қалалық кезеңіне қатысып, «Болу үшін жаралғам, туған жердің жырауы» номинациясы бойынша ІІ орынға ие болып отыр. Құтты болсын, дейміз. Талай байқаулар мен халықаралық фестивальдерде жеңімпаз болып жүретін баламыз бұл жолы да жақсы қырынан көрініп, жоғары нәтижеге қол жеткізіп отыр. Жетекшісі Алибекова Ләйлім апай бала тәрбиесіндегі мол тәжірибесін пайдалана отырып,  Нұрисламдай баланы шығармашылық тұрғыдан дайындап, биік белестерден көрінуіне көп еңбек сіңіре білді. Бұл жолы әріптесіміздің еңбегі тағы ақталып, оқушысы байқаудың қалалық кезеңінде жүлделі орындарды иеленіп отыр. Біз өз тарапымыздан осындай шәкірттерді тәрбиелеп, талантын ұштап жүрген әріптесімізге табыс тілеп, алдағы болатын үлкен байқауларда жеңіспен оралыңдар деген тілек білдіреміз.