Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕП, КІТАП СЫЙЛАДЫ.
24
май
2023
БІТІРУШІ ТҮЛЕКТЕРГЕ АҚ ЖОЛ ТІЛЕП, КІТАП СЫЙЛАДЫ.
     Бүгін мектеп фоесінде 10-сынып оқушылары бітіруші түлектерге арнап кішігірім іс-шара ұйымдастырды. «Ақ жол саған, жас түлек!» деген тақырыппен ұйымдастырылған іс-шара мектеп бітіргелі жатқан 11-сынып оқушыларына арналып, құрмет-ілтипат көрсету, үлкен өмірдегі ізгі қадамдарына тілектестік білдіру мақсатында өтті. ҚР Гимні шырқалысымен мектеп парламенті президенті Олжас Молдаберген көмекшілерімен бірге игі шараны ашып, жүргізіп, аталмыш жиынның мән-мақсатын айтып, түлектерге сәт сапарлар
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ
18
май
2023
БІЗДІҢ ОҚУШЫЛАР ҚАРТТАР ҮЙІНДЕ
     Бүгін біздің мектебіміздің оқушылары, «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Дархан» мөлтек ауданында орналасқан «Қарттар үйіне» барып қайтты. Негізінде бұл сапар «Отбасы күніне» орайластырып ұйымдастырылса, екіншіден, биылғы оқу жылындағы игілікті іс-шаралар легін осындай кездесумен түйіндесек дедік. Иә, Ұлы данышпан әл-Фараби бабамыз «Балаға ең бірінші білім емес, тәрбие берілуі керек» деп айтқандай, біздің мектебіміз ұлы бабамыздың осынау ұлағатты сөзін әрқашан басшылыққа алып, тәрбие мәселесіне
ОНКҮНДІКТІ ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫМЕН АЯҚТАП ОТЫР.
12
май
2023
ОНКҮНДІКТІ ФУТБОЛ ОЙЫНДАРЫМЕН АЯҚТАП ОТЫР.
    Бүгін денешынықтыру және АӘжТД пәндерінің онкүндігінің соңғы күнінде футболдан мектепішілік турнир ұйымдастырылып, оған 9, 10, 11-сынып оқушылары қатысты. Футбол десе, ішкен асын жерге қоятын біздің мектеп оқушылары бұл ойынға барын салып, бас жүлдені жеңіп алу үшін қам-қарекет жасады. Мектеп оқушылары, қыздары бар, ұлдары бар, әрқайсылары өз командаларына қолдау білдіріп, «Алға!», «Сендер жеңімпазсыңдар, мықтысыңдар!» деп қошемет, демеу беріп отырды. Тартысты өткен ойын нәтижесінде
«ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.
11
май
2023
«ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.
      Осы аптада денешынықтыру пәні бірлестігінің онкүндігі аясында көптеген іс-шаралар ұйымдасырылып, ашық сабақтар өткізілді. Кеше пән мұғалімі Ташаухан Даниярдың 4 «В» сыныбына «Қозғалмалы ойындар» атты ашық сабағы өтіп, жоспарға сай жүзеге асырылды. Жас маман болса да оқыту мен тәрбиелеудің заманауи әдіс-тәсілдерін игере білген мұғалімнің аталмыш ашық сабағы өте жақсы ұйымдастырылып, балалар белсене қатысып отырды. Арқан тарту, түрлі жаттығулар, тапсырмалар оқушыларға жағып, көңілді орындар
«ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ КОМПОНЕНТІ РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТКІЗІЛДІ.
10
май
2023
«ҚОЗҒАЛМАЛЫ ОЙЫНДАР ДЕНЕШЫНЫҚТЫРУ КОМПОНЕНТІ РЕТІНДЕ» ТАҚЫРЫБЫНДА
     Кәсіби маман, денешынықтыру пәні мұғалімі Иембергенов Жаңабай ағайдың бүгін 4 «Б» сыныбына «Қозғалмалы ойындар денешынықтыру компоненті ретінде» тақырыбында ашық сабағы өткізілді. Ашық аспан астында, арнайы алаңқайда өткізілген ашық сабақта балалар ағайларының айтқандарына құлақ асып, берілген тапсырмаларды барынша көңілді, сергек орындап отырды. Арқан тартып, доппен ойнап,  түрлі қимыл-қозғалыстарға бағытталған жаттығуларды балалар қуана орындап, үлкен әсерге бөленіп жатты. Аталмыш сабақ
«КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
10
май
2023
«КОММУНИКАТИВТІ ДАҒДЫЛАРЫН ДАМЫТУ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
     Бүгін денешынықтыру пәні бірлестігінің онкүндігі аясында 1 «Г» сыныбына «Коммуникативті дағдыларын дамыту» тақырыбында пән мұғалімі Кенжебай Әлібектің ашық сабағы өтті. Төменгі сынып оқушыларымен жұмыс істеп үйреніп қалған әріптесіміздің бұл ашық сабағы оқушылардың дағды-қабілеттерін дамытып, әртүрлі қимыл-әрекеттерді қалыптастыруды мақсат етті. Әртүрлі ойын түрлерін қосып, сабақты барынша түрлендіруге тырысқан мұғалімнің аталмыш сабағы сәтті өтіп, өз деңгейінде ұйымдастырылды. Оқушылар
АҒАЙЫНДЫ ЕКІ ОҚУШЫ І ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.
10
май
2023
АҒАЙЫНДЫ ЕКІ ОҚУШЫ І ОРЫНДАРДЫ ЖЕҢІП АЛДЫ.
     Бүгін мектебімізде шахмат ойыны бойынша мектепішілік турнир өтті. 5- 6 және 7-8 сынып оқушылары қатысқан сайыс олимпиадалық жүйе бойынша ұйымдастырылып, балалар өзара біліктіліктерін ортаға салды.  Денешынықтыру пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында өткен сайыс тартысқа толы болып, кейбір жұптар тіпті екі сағаттан астам ойнап жатты. Нәтижесінде 5 және 6 сынып оқушылары арасында өткен сайыста 1-орынды Кенжебек Батырали, 2-орынды Юсуп Нұрислам, 3-орынды Ғабит Алдияр жеңіп алса, 7-8 сынып
ОНКҮНДІК АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АШЫҚ САБАҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.
05
май
2023
ОНКҮНДІК АЯСЫНДА КЕЗЕКТІ АШЫҚ САБАҚТАР МЕН ІС-ШАРАЛАР ӨТТІ.
     Бүгін денешынықтыру пәні бірлестігінің онкүндігі аясында кезекті ашық сабақтар өткізіліп, жоспарға сай жүзеге асырылды. Бастауыш сыныптарда «Түрлі ұзындыққа және биіктікке секіру. Бір орыннан ұзындыққа секіру» тақырыбында пән мұғалімі Байсмаков Олжастың 2 «А» сыныбына өтсе, «Жүгіру және оның түрлері» тақырыбында 3 «Ә» сыныбына Тұрғанбаев Өркеннің ашық сабағы өткізілді. Ойын, жүгіру, секіру дегенді жан-тәні жақсы көретін бастауыш балалары бұл жолы да құлшыныс білдіріп, сабақтарда өздерін
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН МЕКТЕПІШІЛІК САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
04
май
2023
ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚТАН МЕКТЕПІШІЛІК САЙЫС ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
    Бүгін денешынықтыру және АӘжТД пәндері бірлестігінің онкүндігі аясында тоғызқұмалақтан мектепішілік турнир ұйымдастырылды. 7-ші және 8-ші сынып оқушылары арасында өткен сайыста қазақтың ертеден келе жатқан ұлттық ойыны –тоғызқұмалақты жақсы меңгерген және ойын ережесімен таныс тоғызқұмалақшы балаларымыз қатысып, өзара бақтарын сынасты. Нәтижесінде озық шыққандар жеңімпаз атанып, алғыс хаттар алды. Алдағы үлкен жарыстарға қатысу үшін арнайы тізімдерге алынды. Аталмыш іс-шараға жауапты
«ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.
03
май
2023
«ЕРЛІК - ЕЛГЕ МҰРА» ТАҚЫРЫБЫНДА ДӨҢГЕЛЕК ҮСТЕЛ ӨТТІ.
     Бүгін мектебімізде тарих пәні бірлестігінің ұйытқы болуымен «Ерлік – елге мұра» тақырыбында дөңгелек үстел ұйымдастырылды. 9 «Б» сыныбының оқушылары арасында ұйымдастырылып отырған дөңгелек үстелді пән мұғалімі Рақымбекова Нұршат Қаһарманқызы жүргізіп, аталмыш іс-шара алдағы келе жатқан Ұлы Жеңіс күніне орайластырып өтіп жатқандығын айтып кетті. Оқушыларға алдымен бейнефильм мен слайд көрсетіліп, сұрапыл соғысқа қатысты мәліметтерді және Қазақстанның ұлы жеңісті жақындатудағы ролі мен