27
апрель
2023
ҚОЛӨНЕРШІ БАЛАЛАРЫМЫЗ ГРАМОТАЛАРМЕН МАРАПАТТАЛДЫ.
Бүгін сондай-ақ ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында апталыққа атсалысып, қолөнерімен ерекшеленген талантты балаларымыз грамоталармен марапатталды. Оқушыларымыз қағаздан әртүрлі бұйымдар жасап, суреттер салып, оларды көрмеге қойып жатты. Нәтижесінде жоғары баға алған балаларымыз, атап айтар болсақ, Тулебай Айдана (6 «А») – 1-орын, Суюнбай Искандер (6 «А») – 2-орын, Қойгелді Мөлдір (6 «Ә») – 3-орындарға ие болып, арнайы грамоталармен марапатталды. «Жарайсыңдар!» дейміз. Осылайша онкүндіктің соңғы күндері іс-шараларды қорытындылап, өнерлерімен ерекшеленген оқушыларды марапаттап, тиісті нәтижелер шығарылуда. Аталмыш іс-шараға жауапты болған – пән мұғалімі Мекзам Ә.Қ.
