7-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » 7-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.
26
апрель
2023

7-СЫНЫПТАР АРАСЫНДА ДЕБАТ ҰЙЫМДАСТЫРЫЛДЫ.

     Бүгін мектебіміздің 7-сыныптары арасында «Бұқаралық ақпарат» тақырыбы бойынша пікірталас ойыны ұйымдастырылды. Оқушылардың ой-өрісін дамытып, іздендіруді, сондай-ақ мәдениеттілікке тәрбиелеуді мақсат ететін аталмыш іс-шараға арнайы қонақ ретінде Мистер Метью келіп,  сайысты жүргізіп отырды. Дебат бірі- жақтаушы, бірі- даттаушы болып екі топқа бөлініп, толықтай ағылшын тілінде жүргізілді.  Пікірсайыс барысында оқушылар тілді жақсы меңгергендіктерін көрсетіп, өздерінің пікірлері мен дәлелдерін толықтай ағылшын тілінде жеткізіп, белсенділік танытып отырды. Мистер Метью арасында сұрақтар қойып, ойын барысын қадағалап жатты. Іс-шараға қатысып отырған мұғалімдер ағылшын тілінде мүдірмей ой-пікірлерін жақсы айтып отырған сайыскерлерді қолдап, қошеметтеп те жатты. Тартысты өткен сайыстың қорытынды бөлімінде жюри мүшесі, қалалық дебат сайыстарының жеңімпазы,  10-сынып оқушысы Батырхан Нариманов екі жақтың пікірлерін қорытындылап, артық-кем тұстарын айтып, бағасын берді. Осылайша ерекше форматта өткен пікірсайыс өз мәресіне жетіп, қатысқан оқушылар грамоталармен марапатталды. 

     Еске сала кетсек, аталмыш іс-шара ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында ұйымдастырылып отыр. 

Дебатқа жауапты болғандар – пән мұғалімдері Тубышева Қ.С., Арынова М.М.