Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
eOtinish.kz
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН САБАҚ ӨТТІ.
18
апрель
2023

МҰҒАЛІМДЕРГЕ АРНАЛҒАН САБАҚ ӨТТІ.

     Бүгін ағылшын тілі пәні бірлестігінің онкүндігі аясында мұғалімдерге арналған сабақ өтті. «Ағылшын тілін үйренуді бастайық» деген тақырыпта өткен сабақты пән мұғалімдері Айгерім Мекзам мен Надырова Назым жүргізіп, мұғалімдерге ағылшын тілінің бастапқы сатысындағы ауызшы сөйлесуді үйретті. Топ-топқа бөлініп, сөздіктермен жұмыс істеп, мұғалімдер бір-бірімен ағылшынша сәлем беріп, танысып, жақсы тілектер айтып, көңілді бір ахуалда ұйымдастырылды. Ойындар да болып, бүгінгі туылған күн иесі Інжу Серботаева апайды ортаға шығарып, ағылшын тілінде құттықтауларын айтып жатты. Сөйтіп аталмыш сабақ мұғалімдердің көңілінен шығып, кейбір ұмыт болған сөздерді тағы бір ой елегінен өткізіп, білімдерін біраз толықтырып қайтты. Белсенді болған мұғалімдерге жұлдызшалар таратылды.