«ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
12
апрель
2023

«ӘЛЕМ ХАЛЫҚТАРЫНЫҢ ТАҒАМДАРЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.

    Бүгін Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «Көркем еңбек» пәнінің мұғалімі Сауат Айманның 7 «Ә» сыныбына «Әлем халықтарының тағамдары» тақырыбында ашық сабағы өтті. Жас маман болса да идеяға бай, заманауи жаңашылдықтарды жақсы меңгере білген Айман Нұрқызының аталмыш сабағы онлайн түрінде өтсе де оқушылар тарапы белсене қатысып, тақырыпқа деген қызығушылықтарын білдіріп отырды. Ұлттық тағамдар, әлем халықтарының тағамдары, олардың ерекшеліктері сияқты дүниелер тек балаларға ғана емес, қатысып отырған мұғалімдерге де қызықты болып, ұйып тыңдады. Оқушылар арасында сұрақ сауалдарын қойып, тақырыпқа сай білімдерін толықтырып отырды. Жалпы онлайн сабақ сәтті өтіп, өз мақсатына жете білді. Оқушылар кері байланыс жасау барысында сабақ та, тақырып та ұнағандығын айтып, жаңа ақпаратты меңгергендігін білдіріп, риза болып жатты.