АШЫҚ САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » АШЫҚ САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ.
07
апрель
2023

АШЫҚ САБАҚТА ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДІС-ТӘСІЛДЕР КӨҢІЛДЕН ШЫҚТЫ.

     Бүгін бастауыш мектептегі 4 «Б» сыныбына «Ғарыш әуені» тақырыбында ашық сабақ өтті. Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында ұйымдастырылып жатқан бұл сабақты музыка пәнінің мұғалімі Алибекова Ләйлім апай өткізіп, балаларға музыканың құдіреті, олардың түрлері туралы айтып, барынша қызықты етіп жүргізіп отырды.  Оқушылар классикалық музыканың не екенін, поп музыка мен рок музыкалардың айырмашылықтары неде екенін біліп, білімдерін толықтырып алды. Сабақ барысында қолданылған әдіс-тәсілдер, әсіресе «Банкомат» әдісі балаларға ұнап, қол көтеріп, «Мен айтайыншы!», «Тақтаға мен шығайыншы!» дегендей белсенділіктерін барынша көрсетіп отырды. Нәтижесінде сабақ жақсы өтіп, қолданылған әдіс-тәсілдер ұтымды болып, қатысып отырған мұғалімдердің де, оқушылардың да көңілдерінен шықты.