«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ТЕҢІЗ ПЕЙЗАЖЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ТЕҢІЗ ПЕЙЗАЖЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
05
апрель
2023

«БЕЙНЕЛЕУ ӨНЕРІНДЕГІ ТЕҢІЗ ПЕЙЗАЖЫ» ТАҚЫРЫБЫНДА АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.

      Бүгін Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында «Бейнелеу өнеріндегі теңіз пейзажы» тақырыбында көркем еңбек пәнінің мұғалімі Ұзақбаева Айгүл Тілектесқызының 3 «А» сыныбына ашық сабағы өтті. Сурет сабағы, бейнелеу десе, қызыға кететін балалар бұл сабаққа да белсене қатысып, берілген тапсырмаларды жарыса орындап отырды. Әрбір сабақты ерекше өткізетін Айгүл Тілектесқызы бұл сабаққа да шығармашылық тұрғыда келіп, естен кетпестей әсер қалдыруға тырысып бақты. Нәтижесінде ашық сабақ өте жақсы өтіп, қатысып отырған мұғалімдердің жоғары бағасын алды. Оқушылар болса, сабақ барысында салған суреттерін апайларына, бір-бірлеріне көрсетіп, көңілдері көтеріліп, алған әсерлерімен бөлісіп жатты.