«Қылқалам сырлары» атты сергіту шеберлік сабағы өтті. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » «Қылқалам сырлары» атты сергіту шеберлік сабағы өтті.
10
май
2022

«Қылқалам сырлары» атты сергіту шеберлік сабағы өтті.

        Бүгін Эстетикалық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында Ұзақбаева Айгүл Тілектесқызының «Қылқалам сырлары» атты сергіту шеберлік сабағы өтті. Шеберлік сабаққа мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер қатысып, аса зор ынта қойып, сурет салудағы қабілеттерін ортаға салды. Шығармашылық таланттарын тағы бір шыңдап, бейнелеу өнеріндегі әсерлерімен бөлісті. Көңілді әрі қызықты ұйымдастырылған сабаққа мұғалімдер барынша атсалысып қана қоймай, бояу мен қылқаламды пайдаланудағы ерекшеліктеріне, әрі қыр-сыры мен әдіс-тәсілдеріне үйренді. Өте сәтті өткен шеберлік сабағына қатысқан мектеп басшысы шын риза болып, ұйымдастырған мұғалімге алғысын айтты.