ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ.
22
февраль
2023

ОНКҮНДІК АЯСЫНДА АШЫҚ САБАҚТАР ӨТУДЕ.

     Математика және информатика пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында бүгін кезекті ашық сабақтар өтіп, жоспарға сай жүзеге асырылды. Атап айтар болсақ, пән мұғалімі Серботаева Инжу Майлыбаевнаның «Тригонометриялық функцияның туындысы» тақырыбында 10 «А» сыныбына ашық сабағы өтсе, «Ондық бөлшекті ондық бөлшекке бөлу» тақырыбында пән мұғалімі Нышанбек Сымбат Нұрмаханқызының 5 «Г» сыныбына сабағы өтті. Сондай-ақ Куншыбаева Гулжаухар Тунгатаровнаның 11 «А» сыныбына «Көрсеткіштік теңдеулер және олардың жүйелері» тақырыбында сабағы өтсе, информатика пәні мұғалімі Аубакирова Айгерімнің 8 «Г» сыныбына ашық сабағы өткізілді. Осылайша математика және информатика пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында ашық сабақтар жоспарға сай өткізіліп, нәтижесі талқыланып,  алға қойған мақсаттарын орындап келеді.