ТИІМДІ САБАҚТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ТИІМДІ САБАҚТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА
27
январь
2023

ТИІМДІ САБАҚТАР ЖАЛҒАСЫН ТАБУДА

     Жас мамандардың тиімді сабақтары жоспарға сай жалғасын тауып, осы аптада бірнеше мұғалімдердің сабақтары өткізілді. Атап айтар болсақ, көркем еңбек пәнінің мұғалімі Сақабай Дариға «Идеяларды құру. Нобай.» тақырыбында 6 «А» сыныбына (онлайн) өткізсе, математика пәнінің мұғалімі Нышанбек Сымбат «Ондық бөлшекті жай бөлшекке айналдыру» тақырыбы бойынша 5 «Г» сыныбына өткізді. «Струны Великой степи» тақырыбы бойынша орыс тілі пәні мұғалімі Каримова Фариза 5 «Б» сыныбына өткізген болса, химия пәнінің мұғалімі Әлімжан Дархан «Периодтық жүйедегі орны бойынша элементтің сипаттамасы» тақырыбында 8 «Г» сынып оқушыларына өткізді. Еске сала кетсек, аталмыш тиімді сабақтар «Ізбасар» жас мамандар бірлестігі «Бүгінгі жас маман – болашақ білікті ұстаз» квест-онкүндігі аясында өтіп жатыр. Бұл мектебіміздің жас мамандарының шеберліктерін арттырып, сабақ берудің заманауи әдіс-тәсілдерін меңгеруді, тәжірибе жинақтап, білім-біліктерін көтеруді мақсат етеді. Осы ретте жас мамандарға тәлімгерлік жасап, бағыт-бағдар беруде көп еңбек сіңіріп жатқан мектебіміздің физика пәні мұғалімі, жоғары дәрежелі маман Хасен Зәруге ризашылық сезімімізді білдіремз. Тәжірибелі ұстаздың тәлімгерлік жұмыстары жас мамандарға оң ықпал етіп, білім-білігін ұштауда көп пайдасы тиіп келеді.