ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ. » 59 мектеп-гимназия
Алматы қаласы Білім басқармасының
«№59 мектеп-гимназия»
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(727) 351-66-02
Есепші бөлімі:
+7(727) 351-66-02
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » » ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.
09
декабрь
2022

ҚАЗАҚСТАН ТАРИХЫ ПӘНІНЕН АШЫҚ САБАҚ ӨТТІ.

       Бүгін тарих пәнінің мұғалімі Алишев Нұрғиса Әбдіқадірұлының 6 «Ә» сынып оқушыларына Қазақстан тарихы пәнінен ашық сабақ өткізді Бұл қоғамдық-гуманитарлық пәндер бірлестігінің онкүндігі аясында өтіп жатқан ашық сабақтардың бірі.  «Ортағасырлық Қазақстанның экономикалық және мәдени дамуына Ұлы Жібек жолының ықпалы» деген тақырыпта өткен ашық сабағына мектеп мұғалімдері қатысып, сабақта қолданылып жатқан әртүрлі әдіс-тәсілдерге, оқыту барысына көңіл аударып, бақылап отырды. Оқушылар да сабақ барысында белсенділік танытып, берілген тапсырмаларды орындап, мұғалімнің сұрақтарына жауап беріп отырды. Жалпы бұл ашық сабақтар педагогтар арасында тәжірибе алмасу үшін өте пайдалы. Сырттай бақылаушы болып, сабақ өткізудің қыры мен сырына тағы бір үңілуге көмек береді. Ашық сабақтан кейін мектеп әкімшілігі мен мұғалімдер сабаққа талдау жасап, «сабақ мақсатына жетті ме?», «Мұғалімнің шеберлігі қаншалықты көрініс берді?», «Оқушылардан алынған кері байланыс», «Уақыт қаншалықты тиімді пайдаланды?», «Қолданылған әдіс-тәсілдердің пайдасы болды ма?» дегендей көптеген сұрақтар төңірегінде пікір алмасады, кем-кетіктері айтылады. Тарихшы Нұрғиса Әбдіқадірұлының аталмыш сабағы ойдағыдай өтіп, қатысқан мұғалімдер тарапынан жақсы пікірлер айтылып, нұсқаулықтар берілді.